Балқашта 3 б автобусы өз жұмысын тоқтатады

3 б автобусы өз жұмысын тоқтатады. Маусымдық қоғамдық көлік осы аптаның соңына дейін ғана жүреді. Айта кетейік, көктем келіп, күн жылысымен 3б автобусы саяжайшыларды қала сыртынағы елді-мекендерге тасымалдай бастады. Жүру кестесіне сәйкес, 6 ай бойы теміржол вокзалынан таңғы 7 ден бастап әр 50 минут сайын Ақ тас аймағына қатынады. Алайда, күн суытып саяжай маусымы аяқталды. Соған орай 3 б автобусы 16 қазаннан бастап маршруттан алынады.

Алексей Макаров-«Тұлпар» ЖШС автобус бекетінің бас инженері
«3 б автобусы өз жұмысын келесі жылдың сәуір айынан бастайды. Жүру кестесі мен маршрутына өзгеріс енгізілмейді. Бәрі сол қалпында қалады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture