Құттықтау Сарыбаева Зюра Тәңірбергенқызы

Аяулы, ардақты, әлемдегі ең қымбатты анамыз Сарыбаева Зюра Тәңірбергенқызын 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз!

Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай,  мейіріміңізді төге жүріп күтіп-баптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақты құрап, өсіп-өнді – ну орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дейді. Алла сізге күш-қуат берсін!

Тал бесікті тербеткен ұйықтамастан,
Басқан жері әрқашан құтқа басқан.
Анашыма еркелеп пана тұтам,
Сен дегенде арманым бұлттан асқан.

Қалай ғана қайтарам қарызымды,
Саған ғана өткізе алам арызымды.
Балаларын баптаған саулық тілеп,
Қадірлеймін, Ана, сенің әр ізіңді.

Т/б: жолдасы – Дәнбай, балалары, немерелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture