Құттықтау Қауымбекова  Аманбала Олжатайқызы

Аса қадірлі бауырымыз, апатайымыз  Қауымбекова  Аманбала Олжатайқызын 50 жас  мерейтойымен құттықтаймыз!

“Өмір” атты қиындығы мен қызыққа толы ұзақ жолда жақсылық, отбасына  бақытты ғұмыр тілейміз. Тағдырыңызда таршылық көрмей, Алла жасыңызды ұзақ қылсын, туған-туысқа ардақты, дос-жаранға сыйлы болып бала-шағаның арасында жүре беруіңізді  тілейміз.

Құтты болсын 50 жасың!

Құттықтайды қуанып кәрі-жасың.

Ойнап-күліп ортамызда жүре берші,

Тілегі бір ақкөңіл бауырлардың!

 

Бақыт деген осы емей немене,

Құт қонақтап, жайды кеңге кереге.

50 жаспен құттықтасақ біз бүгін,

100 жаста да тілек айтсын шөбере!

 

Алдан күткен қызықтар көп, үміт көп,

Атар таңдар келе берсін күліп тек.

Жүрегі – кең, жаны – жомарт жансыз ғой,

Еңбегіңіз арта берсін биіктеп!

Т/б: анасы – Нестай, аға – жеңгесі, әпкесі, бауырлары, келіндері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture