Құттықтау Каржанов Медеужан Әлкейұлы (құдалары)

Аса құрметті құдамыз Каржанов Медеужан Әлкейұлы! Сізді 63 жас туған күніңізбен және зейнеткерлікке шығуыңызбен құттықтаймыз! Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз ұзағынан болсын!

Құтты болсын құда, туған күніңіз,

Құттықтаймыз ақ ниетпен бәріміз!

Өмірдегі бар жақсылық, бақ қонып,

Деніңіз сау, аман болып жүріңіз!

 

Сүрінбей келе жатсыз талай сыннан,

Жарқылдап, ажарыңызға арай тұнған.

Құданың сыйластығы мың жылдық деп,

Дана сөз қалай ғана дәл айтылған.

 

Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,
Бірақ қимыл әлі жастай шымыр-ақ.
Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі,
Күндеріңіз мұң салмасын қырындап.

 

Құда, ұрпағыңыз өркендеп,

Жайнап тұрған бақ болсын.

Ортасында қашан да,

Орныңыз Алтын Тақ болсын,

Алланың түсіп мерейі,

Әрқашан Сізге жақ болсын!

 

Бақыт деген осы емей немене,

Құт қонақтап, жайды кеңге кереге.

63 жаспен құттықтасақ біз бүгін,

100 жаста да тілек айтсын шөбере!

Ізгі тілекпен: құда-құдағиыңыз: Арон-Зәуре, Абдрахмановтар әулеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture