Жылдық ас Намираева Эльмира Бөрібайқызы

Кіші жүз, Руы – Тама, Намираева Эльмира Бөрібайқызының өмірден өткеніне 1 жыл болды.

Жылдық асы қазанның 7-ші жұлдызы күні сағат 11.00 – ден бастап Ақжал кенті «МЕРЕЙ» дәмханасында беріледі.  Асқа ағайын-туыс, құда-жекжат, көрші-қолаң және барша танитын жамағатты шақырамыз.

Үйге келсе, күтіп отырғандай жұбайы,

Балаларымның қайда кетті деп Күн – айы?!

Жарты ғасырын көп көрдің бе жарымның деп,

Жауап берердей сұрайды әсте Құдайы…

 

Аңқылдап қана ерекше еді күлуің,

Өзіңмен жинап әкеттің әлем сұлуын.

Бақыт екен ғой кешірек ұқтым дүние-ай,

Анашым сенің қасымда жайнап жүруің.

 

Үшеуіміз қалдық, жоқтауға сені қимастан,

«Төрт құбыла түгел» кетті ғой ұшып күй бастан…

Ботадай боздап жылап тұрғанда үш қызың,

Күңіреңген дала, жасын да төгіп құйды аспан.

 

Ер мінез әкем көзінен жасы тамшылап,

Сеземін, қазан жүрегің жүр ғой жаншылап.

Жұбатқан болып, үш қызым үшін сүрем деп,

Қояды өзін қатайтып жанын қамшылап.

 

Жеткізе алмай қадірін, Ана, басыңның,

Қимастық жасын ішіме тығып жасырдым.

Алыстап бізден кеткеніңе де ендігі,

Күні де келді жылдық асыңның.

 

Білгенде егер жазмыштан хабар келерін…

Көп еді, Ана, ақ сүтің үшін берерім…

Жалғанда мына қиындық келсе жалғыз жан,

Сен едің, Анам, Анашым менің сенерім.

 

Неліктен? Неге? Тым ерте кеттің арадан?

Армандарыңды орындамадың ба қалаған,

Әкемнің орны бөлек қой, бірақ өмірде.

Кім жақын болар мейірімі шексіз анадан?!

 

Өзіңнен айырылып, мұңымнан қылған күнді ізгі…

Жек көрем енді, алысқа әкеткен бұл күзді,

Домалақ көзін сәби жаспенен толтырып,

Аманат етіп қалдырдың, Ана, Жұлдызды.

 

Жоқтығыңды ойлап, әлемнен мынау безінем,

Түсімде ғана бейнеңе Ана кезігем.

Ұсынып шайды отырғаның көз алдымда,

Иісіңді қайтейін тоймастан иіскеп сезінем…

 

Өртейді ойлар, өртейді менің жалын ішімді,

Толтырушы едің бағыма біткен бақ – ырысымды.

Айтыңдаршы, адамдар, амал болса,

Қалай басамын Анама деген сағынышымды?!

 

Өмірдің алда келер күреңінде,

Мәңгі мекенің өрнектесін  гүл өңіңде.

Ақ бейнеңмен қаласың мәңгілікке,

Жарың менен балаларыңның жүрегінде.

 

Беретін дағы, алатын дағы Бір Алла,

Жазмышқа қарсы пенделік не шара қылам ба?!

Ақ анашым, Анатай, алаңдамай,

Жұмақта бол деп, қол жаямын Құранға.

Ас берушілер: жолдасы – Жағыппар, балалары – Айгүл – Аянбек, Ақмарал – Жұлдыз, ағалары – Көмекбай, Жалғасбай, Аманжол.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture