Он айлық бала мұзға құлап, көз жұмды

Қарғандыда он айлық бала мұзға құлап, көз жұмды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Қайғылы жағдай Қарағандыда Октябрь ауданында орын алды. Анасы оқушы қызын он айлық інісімен серуендеуге жібереді. Алайда, тайғанақ тротуарда қыз құлап, баланы қолынан түсіріп алған. Нәресте басынан ауыр жарақат алады. Қыз талып қалған баланы алып үйге келген. Содан ата-анасы бірден жедел-жәрдем шақырыпты. Дәрігерлердің айтуынша, бала төртінші дәрежелі комаға түскен. Және жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмды. Миы ісіп, асқазан ішіне қан кеткен екен. Енді аудандық прокуратура бұл іске қатысты тергеу жүргізбек.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture