Қызыларай тумасы, Акишев Еспай қазанның 5- жұлдызында 70 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз!
Асыл әке, асқар таусың, биіксің,
Біздер үшін отқа түсіп күйіпсің.
Адал еңбек абыройға жеткізер
Деген ойды көкірегіңе түйіпсің.
Міне, бүгін 70 жасқа толыпсың,
Тілегенің тек алдыңнан жолықсын!
Бұл өмір тоқтамайтын үзбес ағын,
Тірліктің біз тілейміз сізге сәнін.
Немере, шөберені алдыңа алып,
Қызықпен, қуанышпен 100 жасағын!
Соңыңнан ерген ұл — қыз, немере,
Көтереді есіміңді төбеге.
Әулетіңде арқа сүйер тұғырым,
Орман болар кеше еккен шыбығың.
Әкеміздің туылған күнінде әкеміздің достарын арнайы мерейлі 70 жасымен құттықтаймыз! Бастарыңыз аман, дендеріңіз сау, немере – шөберенің қызығын қызықтап ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектестігімізді білдіреміз!
Ізгі тілекпен: Еспайдың балалары, келіндері, немерелері, жары-Несіпжан.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login