Ұлағатты ұстазымыз Токумбекова Аманжол Бегимбековна, сізді 75 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Немере-шөберелер арасында бақытты ғұмыр кешіп, әр атқан таң тек қуаныш сыйласын деп тілейміз!
Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әл-Фараби, Ыбырай мен Ақанды,
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы ғып.
Өміріңіз ұзақ болсын, жайнасын,
Арай таңдар ата берсін қолдасын!
Сыйлы болып өмір сүрген ортада,
Отбасынан бақыт құсы таймасын!
Бізден тілек – тойыңыз тойға ұлассын,
Құрметіңіз биіктесін, қыр ассын.
Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр серік боп,
Жасыңызға жас қосылып, өмір әлі жалғассын!
Ізгі тілекпен: 1996 жылы бітірген түлектеріңіз, 11 «Б».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login