Қарағанды қаласында тұратын әулетіміздің үлкені, адал жар, асыл ана, немерелерінің сүйікті әжесі, 40 жылдан астам ұлағатты ұстаз болып, талай шәкірттер тәрбиелеп еңбегі халқына сіңген апайымызды Тоқымбектегі Аманкелді (Аманжол) Бегімбекқызын 75 жасқа толу төл мерекесі қуанышымен шын жүректен құттықтаймыз!
Өмір жолыңыз ұзақ болып, 100 есе, 1000 есе денсаулық, бақыт, байлық алып келсін! Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз!
Ең жылы да мейірімді құттықтау сөздер көңіліңізден шығып
өмір Сізді бақыт құшағында аяласын!
Ақ ниетпен тілек білдірушілер: бауырлары, туған-туыстары
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login