Руы Тобықты, Байтемір, Нақбек Молла немересі, Сәктайұлы Жақсыбаев Мейірбек (11.01.1968-22.08.2017ж.ж.) ардақты ұл, асыл бауырымыздың өмірден өткеніне 40 күн толды.
Қырық күндік асы 07.10.2017 жылы сағат 14.00-де Қарағанды қаласы, Сортировка мешітінде беріледі. Естімей қалған Шұбартау ауылындағы, Балқаш қаласындағы туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.
Торқа болсын жамылған топырағың,
Тыныш ұйықта жер бесікте дамылда.
Бір Алладан дұға оқып тілейміз,
Жай тапсын жаның жұмақтың жәннат-бағында.
Анаң да қалды аңырап,
Ел жұртың қалды абдырап.
Шарасы болмай тосынға,
Басында қалды мың сұрақ.
Тағдырын ойлап ұлыңның,
Батқанын сезбей бір күннің.
Жоқтаумен сені жүргенде,
Болып та қапты 40 күн.
Сағына еске алушы: шешесі: Күләй, апалары, ағалары, жезде, бауырлары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login