Балқаштықтарға қашан жылу беріледі

Балқашқа екі күннен кейін жылу беріледі.
«Су Жылу Транс» басшысы Бейсембек Сармантаев: «5 қазан күні алдымен оқу орындары мен ауруханаға жылу жіберіледі. Осылайша 7 қазанға дейін барлық қаланы жылумен қамтамасыз етеміз», — деп мәлімдеме жсады.
Сондай-ақ, қала тұрғындарын су жіберілетін уақытта қадағалап, сақ болуға шақырды. Ыстық су жылумен қатар берілетін болады.

Жылу маусымымен қатар Балқашта күн де жылынбақ. Синоптиктердің болжамы бойынша, 7 қазан күндіз термометр бағамы +11, түнде 0-2, жауын- шашынсыз. 8 қазан күндіз +13 градусқа дейін жылы, түнде 0 +2. Ал қазанның 9 күні күндіз +15 градусқа дейін жылиды, түнде +3 градусқа дейін төмендейді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture