Полиция қызметкеріне күш көрсеткен балқаштық сотталды. Тәртіп сақшысының погонын жұлып, оны тепкені үшін 46 жастағы әйелдің бас бостандығына шектеу қойылды. Ал бұл оқиға былай болған. Жазды күні полиция қызметкерлері сотталған азаматтардың үйлерін аралап, тексеріс жүргізеді. Рейд барысында ішкі істер бөліміне келмей кеткен еркектің үйіне бас сұғады. Онда әйелі екеуі ішімдік ішіп отырғанын көреді. Сондықтан инспекторлар еркекті өздерімен бірге алып кетпек болады. Алайда, оған келіспеген жұбайы полицей әйелдің артынан қуып, погонын жұлып, теуіп, өшін алады. Сол себептен құқық қорғау қызметкерінің денсаулығына зақым келтірген тұрғын сотталды. 46 жастағы әйелдің жүріп-тұруына шектеу қойылды.
Аян Абдуллин- қалалық прокуратураның аға прокуроры
« Балқаш қаласының тұрғыны ҚРҚК 380 бабы 1 бөлігі бойынша яғни билік өкіліне күш қолданған үшін кінәлі деп танылып оған 1 жыл 6 ай бас бостандығына шектеу жазасы тағайындалды.0200 Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде аталған тұлға өз кінәсін толықтай мойындаған».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login