Баянғали Әлімжанов балқаштықтармен кездесті

Көркем әдебиет саласында тынбай еңбектеніп келе жатқан ақын Баянғали Әлімжанов балқаштықтармен кездесті. Шаһарға арнайы ат басын бұрғын жазушы, манасшы, айтыскер, драматург, жыршы жүздесуді елбасының «Рухани Жаңғыру » мақаласымен бастады. Оны жерлестірімізбен талқылап, өз ойын жеткізді. Бұл саяси тұрғыдағы еркіндік деп пікірін білдірді. Жиналған қауымға соңғы рет шыққан кітаптарын таныстырды. 12 томдық оқулыққа бөлінген түрлі жанрдағы шығармалар жинағынан үзінді де оқып берді. Оны енді қала тұрғындары орталық кітапхана сөрелерінен оқи алады.

Баянғали Әлімжанов –ақын
«Рухани жаңғырудың ең үлкен мәні бұл саяси шешімге кіруінде. Бұл кәдімгі қазақ мемлекетінің саяси бағытына айналды. Әсіресе жергілікті билік басында отырғандар үшін. Елбасының айтқан сөзі істелуге тиісті. Демек, қазақты жақсы көретін құлашын кеңінен жайып жұмыс істеуіне мүмкіндік берді».

Баянғали Әлімжанов жазу әдебиетінен өзге ән мен күйге де жақын. Сондықтан, қалалық өнер мектебінің қызметкерімен, балаларымен кездесіп шеберлік сағатын өткізді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture