ҰБТ-да Баян Есентаеваға қатысты сұрақтар жүр (фото)

Енді түлектер жоғарғы оқу орнына түсу үшін Ермек Тұрсыновтың, Баян Есентаева мен Нұртас Адамбаевтың өмірін қалт жібермеу керек деп хабарлайды abai.kz порталы.
Кино әлеміндегі жұлдыздар туралы ҰБТ-ға сұрақтар енгізілді. Білім саласындағы мұндай жаңашылдық көпшіліктің наразылығын туғызбай қоймады. Халық оқушылар жұлдыздардың өмірін емес, мектеп бағдарламасын оқу керек деп пікір білдіруде.
Ал Ұлттық тестілеу орталығы мұндай сұрақтарды әдейі кіргізгендерін мәлім етті. Айтуларынша, бұл түлектердің логикасын арттырып қана қоймай, тестке деген ынталарын аша түспек.
«Бұл сұрақтар тек ҰБТ-ге алдын ала дайындалуға мүмкіндік бар екенін көрсету үшін әзірленді. Ал ұлттық тестілеу мемлекеттік білім стандартына сай», — деп түсіндірді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture