8 наурызда көп балалы аналар 5 мың теңге сыйақы алады. Бұл тізімге қала бойынша 1054 әйел іліккен.
Ақтоғай ауданының мал дәрігері сібір жарасының таралуына кінәлі деп танылды. Деседе, рақымшылыққа ілігіп жауапкершіліктен босатылды.
100 мәселе-100 шешім-100 күн. Денсаулық сақтау министрлігі медицина саласына қатысты түйткілді мәселелерді анықтау үшін халық арасында жүргізген сауалнаманы қорытындылады.
Ақтоғай ауданы тұрғындарының су астында қаламыз деп үрейленуіне еш негіз жоқ. Себебі Ақтоғай ауданы әкімшілігі мамандарының айтуынша, өңірде жауған қардың қалыңдығы былтырғы жылмен салыстырғанда 1 жарым есе төмен. Оған қоса, төтенше жағдайлар қызметкерлері су қоймаларының арнасынын асып, тасып кетпеуін қадағалуға алған.
Қазақстандықтар наурыз айында 12 күн демалады. Оның 6 күні мерекелік демалыс. Осы айда бір емес екі мейрамды тойлаймыз. Бірі халықаралық әйелдер күні. Екіншісі ұлттық мереке-Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login