Иванов көшесінің жолын жөндеу басталды. Тозығы жетке ең қиын жерді мамандар соңғы кезекке қалдырған. Бұл биыл асфальт төселетін соңғы көше.
Құрылысшылар жұмыстарын жол жиегін жаңалаудан бастапты. Ол үшін жаңа бордюрлер қолданылуда. Мамандар одан кейін ескі асфальтты қырып, оның орнына 2 қабатты жаңасын төсейді. Айта кетейік, биыл Балқаш қаласында 17 шақырым жол жөндеуден өтті. Қалғанын жаңалау келесі жылға жоспарланған. Олардың ішіндегі ең ұзыны Ленин көшесі.
Кайыржан Абдрахманов – мердігер
«2800 метрдей бордюрымыз бар. Соны орнатып, фрезирования жұмыстарын жүргіземіз. Содан кейін асфальтты бастаймыз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login