Балқаш тұрғыны мазасын алған көршісінің итін өлтіріп тастады. Қанды көрініс қожайынның көз алдында, Желтоқсан көшесінде орын алды. Ашулы еркек аяғын тыпырлатуын қоймаған иттен осылай құтылған. Алайда, бұл екі көршінің арасындағы бірінші кикілжің емес. Бұған дейінде өзара дау-дамай болған деседі.
Бұл адам қолынан қайтыс болған «Хаски» тұқымды иттен қалған жалғыз зат. 34 жастағы Виталий Еремен төрт аяқты жануарын қамыт пен суретке қарап еске алуда. 3 жастағы ерекше тұқымды осы демалыста көршінің қолынан қаза тапты.
Виталий Еремен- қала тұрғыны
«Итті біз көп күтіп жүріп сатып алдық. «Нанук» деген есім бердік. Отбасымыздың бір мүшесі болды. Адал, ешкімге үре бермейтін жақсы ит еді. Көршілерден арыз түспегентін. Бәріміз жақсы көрдік. Бірақ, бір адамның соған көзі түсіп, жоқ қылды».
Сол бір күнгі қанды оқиға осы подъезде болды. Жексенбі күні ит пен үйдің отанасы таңғы серуеннен подъездге кіріп келе жатады. Екінші қабатқа көтеріле бергенде көрші жігіт пәтерден жалаңаяқ атып шығып,қолына пышағын алып, итке шабуыл жасайды. Мойынына үш рет пышақты сұғып алады. Көп қан жоғалтқан ит далаға қашып шыққанымен тірі қалмады. 10 сағаттан кейін қайтыс болды.
Виталий Еремен- қала тұрғыны
«Бұл көрші бірнеше рет қоқан-лоқы көрсетті. Сенің итіңді бір күні өлтіремін деп ашық айтты.Демалыс күні итті пышақтап, әйелімнің артынан қуды. Ұстап аламын деп қорқытты. Әйелім үйге келуге қорқытып, мені шақыртты».
Анықталғандай көршінің тісін қайрап жүргеніне бірнеше жыл болған. Иттің пайда болысымен өш өрши түскен. Арыз жазғанымен, нәтиже болмады. Тек ит қайтыс болғанда ғана қылмыстық іс қозғалды. Енді пышақпен ел тыныштығын құртқан азамат заң алдында жауап бермек.
Нұрлан Кәрім- Жергілікті полиция қызметінің басшысы
«Аталған қылмыс бойынша қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 316 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.Соттың шешімімен азамат 100 АЙК тартылуы мүмкін, қоғамдық жұмыстарға тартылып,60 тәулік әкімшілік қамауға алынуы мүмкін».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login