Балқашта қандай ауа-райы күтілуде

Балқашта демалыс күндері ауа-райы суытады. Жылы күндер ертең аяқталады. Одан кейін күздің қара суығы басталады. Синоптикетрдің болжамы бойынша ертең күндіз 20-22 градус жылы болса, түнде температуа 10-12 градусқа дейін төмендейді. Жылдамдығы секундына 15-18 метрге дейін жететін жел болуы да мүмкін. Ал сенбіден бастап күн райы бұзылып, суық күндер келеді. Түнде сынап бағанасы +5 ті көрсетсе, күндіз бар болғаны +12, 14 градусқа дейін көтеріледі. Ал жексенбі күні сынап бағанасы 0-ге  түсіп, түн суық болады. күндіз 8-10 градус.

Надежда Лобовикова – инженер-синоптик
«Бұл суық солтүстіктен келе жатыр. Жел солтүстік батысқа ауысқаннан кейін, ауа-райы өзгереді. Температура төмендеп 0 ге дейін жетеді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture