Мир көшесіндегі, 4-ші үйдің тұрғындарының мазалары қашты. Онда тұратын балқаштықтар бірнеше айлық канализациялық жағымсыз иістен жалықтық дейді. Екі құдықтан аққан сасық су кетер емес деп,біздің редакциямызға жүгінді. Ал оған жауапты Балқаш Су не дейді?
Мир көшесіндегі 4 үйдің тұрғындары ауа емес, у жұтып жүрміз. Жазда мұрынды жарар жағымсыз иіс, қыстағы көктайғақтан жалықтық дейді. Тіпті терезе ашып, есік алдына шығудан қалдық. Балқаш Суды күнде шақыртып, құдықтарды тазалатқанымен көкала шалшық жойылар емес, деп ашуларын жеткізді.
Қала тұрғыны: «Осы проблема ылғи қайталанады.Биыл тіпті көп болды.Аптасына екі рет десем өтірік айтпаймын. Жазда мынаның бәрі жап-жасыл балдыр болады. Қазір қайтқан түрі мынау».
Қала тұрғыны: «Мына жерге жиналады,мынау түгелі сасиды.Балота сасиды.Терезе аша алмаймыз.Мына жаққа дейін барады оның иісі».
Қала тұрғыны: Біз 10 жылдан асады мұнда тұрғанымызға. Қазірдің өзінде міне иіс келіп тұр.Осылай қысы, жазы.
Қала тұрғыны: Қасымыздағы мына жатақхана . Жылда осы міне.қала жаз шығады мына сасық су ағады да жатады канализациядан. Ешкім керек қылмайды.
Ұяттың әрі берісі жоқ. Іш киім жатады.Общягадан мусор лақтырады.
Анықталғандай, ауладағы су, Мир 4-тің қасындағы екі кәріз құдығынан келеді. Ол толып кетсе, сыртқа ағатын көрінеді. Ал судың толуына жатақхана тұрғындары кінәлі дейді мамандар. Онда пәтер жалдаушылар дәретхана құбырына күл-қоқыс, жеке гигиеналық заттарды ағызып жібереді екен.
Әлібек Сақбаев-«Балқаш Су» КМК учаске бастығы
» Бұл проблема мамырдан басталды. Мамыр, маусым аптасына екі-үш рет күнара барамыз. Күніне екі рет барамыз.Көбіне тұрғындар лақтырады. Баланың жөргегі, шүберек тастайды. Мысалы, өткенде қоянның терісін ішек-қарнымен қоса алып шықтық. Сондай заттар көп шығады. Халық кінәлі ғой оған».
Балқаш Су мекемесі күнде құдықты тазалағанмен, нәтиже мардымсыз.Сондықтан, коммуналшылар жақын күндері құдықтың ішіне арнайы тор орнатпақшы. Ол суды ғана жіберіп, қоқысты ұстап қалатын болады. Осылайша,жауапсыз тұрғындар жазаланбақ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login