Балқашта аламан айтыс өткізілмек. Қаланың мерейтойы мен Ағыбай батырдың 215 жылдығына орайластырылған дүбірлі додаға еліміздің суырып салма ақындары қатыспақ. Бас жүлде қоры 1 млн. теңге. Жыр бәйгесі 23 қыркүйек күні сағат 11-де Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайында өтеді. Сахна төрінде 4 жұпқа бөлінген 8 айтыскер өнер көрсетпек ниетте. Ал аламанға танымал,азулы Сара Тоқтамысова, Серікзат Дүйсенғазы, Тілеген Әділ, Өміржан Көпбосын, Рауан Қайдаров, Сырым Әділбеков, Аруна Керімбек пен Ботакөз Мұхитден қатысатын болады. Кешкі сағат 6-ға дейін жоспарланған жыр сайысының жеңімпаздары ақшалай сыйлықпен марапатталады. Бас жүлдеге 1 млн. теңге, ІІорынға 700 мың, үшінші орынға 500 мың теңге тігілмек. Ал кеш жүргізу тізгінінде Аманжол Әлтаев.
Ұлпан Сапарғали- қалалық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің бас маманы
«Бұл айтыс Балқаш қаласының 80 жылдығы мен Ағыбай батырдың 215 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.Аталмыш шараға қазақстанның беделді, белді ақындары шақырылды.Айтысты көруге шақырамызбарлық балқаштықтарды.Ең мықты деген айтыскерге ақшалай жүлде қоры табысталады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login