Балқаштық бүлдіршіндерге арналған мереке. Фото. Видео

 

Балқаштың 80 жылдық мерейтойында «Астана» аллеясында 12 балабақша мен мектепке дейінгі орталықтан жиналған 300 бүлдіршін ашық аспан астында ойын ойнап, бақтарын сынады.

Мерекелік ойын-сауық алдымен жаппай бимен басталды.Түрлі-түсті киінген балғындар Балқашты туған күнімен құттықтап, періште көңілдерін білдірді. Ертегі әлемінің кейіпкерлері мен сайқымазақтар да шараны шарықтатты. Кейін кішкентай бүлдіршіндер асфальт бетінде туған жер, отанды суреттеді.Ал ересек балақайлар велосипед, самокатта жарысып, арқан тартысып күштерін көрсетті.Екі сағатқа созылған шара соңында барлығы алғыс хатпен марапатталды.
   

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture