Балқаштық жеңіл атлет облыс чемпионы атанды. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің 14 жастағы тәлімгері Карина Кадырманова Қарағандыға барып Балқаш намысын қорғап қайтты. Ол ұзындыққа секіруде 5 метр 14 см нәтиже көрсетіп, алтыннан алқа тақты. Ал үш қарғып секіру кезінде 10 метр 79 см-ді бағындырып, күміс жүлдеге ие болды. Осылайша бір емес 2 жүлде жеңіп алған Карина енді Алматыда өтетін республикалық сайысқа барады. Ол онда ұзындыққа секіріп, 300 метрге жүгіруден бағын сынамақ.
Карина Кадырманова-Жеңіл атлетикадан облыс чемпионы
«Осы сайыста алдыңғы жарыстарда көрсеткен нәтижемді жақсарттым. Соның нәтижесінде осыған дейін мені ң басты қарсыласым болған қарағандылық спортшыны жеңдім. Енді республикалық сайыста жүлделі орынға шығу үшін барымды саламын».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login