Балқаш мектептері WI-FI интернет желісіне қосылды

Балқаш мектептерінің барлығы WI-FI интернет желісіне қосылды. Енді оқушылар мен мұғалімдер кез келген уақытта ғаламтор бетінен керек ақпараттарды оқып, біле алады. Бастысы қызмет тегін. Бірақта, балалар үшін кейбір шектеулер бар. Осы жайында келесі сюжетте.

Электронды оқыту-заман талабы. Сондықтан биыл барлық білім ордаларына сымсыз WI-FI желiсi орнатылды.Мысал үшін нөмір 8 мектептің 4 қабатында, 7 модем мен 30 желі ұлғайтқышы іске қосылды. Енді ғимарат ішінде тегін интернетті пайдалануға мүмкіндік бар. Бірақ барлық ғаламторға кіру мүмкін емес.

 Роза Химиран – №8 мектептің ақпараттандыру ісі жөніндегі директор орынбасары
«Шектеу қойылған сайттар кәдімгі өзімізге белгілі оқу сайты яндекс, әлеуметтік желілердің барлығына шектеу қойылған.Оларға кіру мүмкіндіктері жоқ.Сабаққа қажетті білім алатын білім ленд, білім ал әртүрлі олимпиадалар жүргізілетін сайттарға кіруге мүмкіндік бар».

Сондықтан оқушылар үшін бақылау қатаң. Мектепте түрлі ойындар мен әлеуметтік желілер секілді 20 сайт қара тізімге енгізілді. Балалар тек сабаққа қажетті ақпараттарды қарап, ҰБТ дайындала алады.Бірақ интернеттің көмегі оқушылардан өзге ұстаздарға да септігін тигізуде.

Гүлім Ыбышева –№8 мектептің ағылшын тілі мұғалімі
« Бұл бізге өте тиімді, жеңілді.Өздері жұмыстан келіп электронды түрде баға қойып тұрсақ өздерінің балаларын үйде интернет арқылы көріп отыра алады.0102интернет керек, интернет өте қажетті».

Қаладағы 15 мектепті сымсыз ғаламторға қосу үшін жергілікті бюджеттен арнайы қаржы бөлінді. 7 млн. теңгеге автоматтандырылған жүйеге қажетті құралдар сатып алынды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture