Наурыз айында 12 күн демаламыз

Қазақстандықтар наурыз айында 12 күн демалады. Оның 6 күні мерекелік демалыс. Осы айда бір емес екі мейрамды тойлаймыз. Бірі халықаралық әйелдер күні. Екіншісі ұлттық мереке-Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз. 8 наурызда аталып өтілетін арулар мерекесі биыл сәрсенбіге дөп келіп тұр. Мейрам жұмыс күніне түскендіктен тек бір күн ғана демаламыз. Есесіне Наурызда 5 күн жұмысқа бармаса болады. Биыл Үкімет Қаулысы бойынша, 18 наурыз сенбі яғни демалыс саналатын күні 20 наурыз дүйсенбіге ауыстырылды. Соған орай, отандастарымыз 18-і жұмыс істеп 19, 20, 21, 22, 23 күндері қатарынан 5 күн тынығатын болады. 24 наурыз жұма жұмыс күні. Одан кейінгі 25, 26 сенбі, жексенбіге дөп түскендіктен тағы да демалыс.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture