Балқашта су құстарына аңшылық жасау мерзімі ашылды. Қолына қаруын алып, қанаттыларды аулауға шығуға құмартып отырғандар қазірден бастап үйрек, қаз және қасқалдақты атып ала алады. Деседе, бір аңшыға бір тәулікте 5 қаз, 5 үйрек және 5 қасқалдақ қана аулауға рұқсат . Сондай-ақ бұл құс атуға шыққандарда мерзімдік жолдама болуы шарт. Қанаттыларға аңшылық жасау 30 қарашаға дейін созылады. Тағы бір айта кететін жайт, биыл аңшылық жасауға болатын жерлердің қатары тағы бір аймақпен толықты.
Владимир Штрасгейм- «Ақ Сұңқар» аңшылар және балықшылар қоғамының төрағасы
«Біз Шет ауданы жақтан тағы бір жер алдық. Оның аумағы 340 мың гектар. Онда құр, шіл, елік және қоянның түр-түрі мекендейді».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login