Полицейге жарақат келтірген 29 жастағы тұрғын сотталды. Құқық қорғау қызметкерінің аяғын көлікпен басып өткен жігіт 5 жылға темір торға тоғытылды. Сот осындай үкімді жариялады. Оқиға, жаздыкүні болған. Ішімдікке сылқия тойып алған жігіт әкесінен көлікті ұрлап, көше ортасына шығады.Сайран салып, ережені бұзып рөлді отырады. Ал оны көрген полицейлер бұзақының ізіне түскен. Сол сәтте тоқтатпақ болғанда, жүргізуші көлікпен артқа жүріп инспектордың аяғын басып өткен. Бірақта, осылайша қашып құтыламын деген жүргізуші сол жерде ұсталды. Анықталғандай, ол бұған дейінде жол ережесін бірнеше рет бұзғаны белгілі болды.
Әділ Күлпеисов- қалалық прокуратураның прокуроры
« Сот үкімімен Балқаш қаласының тұрғыны ҚК 380 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылды. 5 жылға жалпыға бірдей түрмеге тоғытылды. Әкесі көлігін ұрлаған баласын кешірді».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login