Алматы-Екатеринбург тас жолында жол апаты орын алды. Салдарынан үш жолаушы, оның ішінде екі бала зардап шекті.
Техснаб кентінде 3 тонна шөбі бар Камаз өртке оранды. Әп сәтте тұтанған жалыннан жүргізуші көліктен шығып үлгеріп аман қалды.
Балқашта қоқысты балконнан лақтырып жіберген ер адам 45 мың теңге айыппұл төледі.
Биыл оқушыларға арналған автобус болмайды. Білім бөлімі мен көлікті тасымалдаушы мекеме өзара келіспеушілікті шеше алмай отыр.
Қаланың 80 жылдық меретойында 5 мыңнан астам балқаштықтар өнер көрсетеді. Бүгін мерелік шараның алғашқы дайындық жұмыстары басталды.
Балқаштың 80 жылдық мерейтойына орай қаламыз тағы бір субұрқақпен толықты. Мәдениет сарайының алаңындағы домбыра кейіпіндегі жәдігер ел назарына ұсынылды.
Елімізде жаңа оқу жылы басталды. Білім ұяларында алғашқы қоңырау үні салтанатты түрде өтті. Биыл құрбан айт мерекесімен тұспа-тұс келген мереке 2 қыркүйектен басталды.
Қасиетті Құрбан айт мерекесі еліміздің түпкірінде жан-жақты аталып өтті. Үш күндік демалыста Балқаш қалалық мешітінде ерекше шаралар ұйымдастырылды. Солар бірі – Азан айту жарысы.
«Абакус» интелекті дамыту орталығы жаңа оқу жылына қабылдауды бастады. Аталмыш білім ұяшығы оқушылардың математикадан білімдерін арттыруға , ағылышын тілін жетік меңгеруге, тез оқып-жаттауға септігін тигізеді.
Күздің алғашқы күні балқаштықтарға жеңіс әкелді. Металлург футбол құрамасы Шахтаның Саран командасын 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login