Балқаш маңында жол апатынан үш адам зардап шекті

Алматы-Екатеринбург тас жолында жол апаты орын алды. Салдарынан үш жолаушы, оның ішінде екі бала зардап шекті. Қазіргі күні 10 жасар екі егіз қыздар балқаштың жан сақтау бөлімінде жатыр. Олар жергілікті емханаға сенбі күні Приозерсктен жеткізілді. Дәрігерлер бүлдіршіндердің денсаулықтарын бір қалыпты ауыр дейді. Балалардың денелері жарақаттанып, сынған. Ал олармен бірге емханаға жеткізілген әйелдің бас миы зақымданған.Травматологияда ем қабылдауда. Бүгінде жол апатының нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture