1- қыркүйек оқушылар үшін ғана емес, гүл сатушылары үшін де мереке. Себебі , бұл күні ұстаздарының құшағын гүлге толтыруды ойлаған шәкірттер сауданы қыздырады. Ал ұстаздарға гүл сыйлау қуаныш па, ысырап па?Биылғы гүл шоқтарының бағасы қанша?

Әдетте бірнеше күн тұрып қалатын гүлдер 1- қыркүйекке орай тәтті тоқаштай өтеді.Тұрғындар әсіресе әдемілікті, бақытты сипаттайтын «хризантеманы» сатып алуда. Биыл оның бір шоғы — 1800 теңге.Ал одан кейінгі сұраныс кезегінде әдеттегі раушандар. Мұндай әтіргүлдің үшеуі 2000 теңгеге бағалануда. Бірақта, дәл осындай ақшаға жергілікті гүлдердің бірнеше түрін сатып алуға мүмкіндік бар. Сапасы көңіл қуантарлық.
Ольга Максимова- сатушы
«Біз гүлдерді сұранысқа байланысты алғызамыз. Балқаштықтар көбінесе лала, тропиктік өсімдік орхидея, раушан гүлдерін сатып алады».

Талғамға талас жоқ демекші, кейбір оқушылар ұстаздарын бағалы гүлдермен қуантқысы келеді. Сыйлық өсімдерінің арасында ең қымбаты — жапон гүлі. Экзотикалық гүлдің бір бұтағы — 3000 теңге. Деседе сауда нүктелерінде одан кем түспейтін лала гүлін 1200-2500 теңге аралығында сатып алуға болады. Ал гүлді тек қағазға орамай, сәнді жәшік пен велосипедке орналастырсаңыз әдемілігі тіптен арта түспек.
Екатерина Ганненко- сатушы
«Шағын шоқ гүлдерін кем дегенде 1500-2000 теңгеге сатып алуға болады. Гүлді жеткізушілеро бағаны көтергенімен, біз бұрынғыдай сатып жатырмыз. Өйткені, қымбаттатсақ ол өтпей қалады. Ата-аналардың мүмкіндігіне қараймыз».
Деседе, мұндай шоқ гүлдерін үйге арналған өсімдікпен алмастыруға болады. Сыйлық ұзақ сақталып, арзан болсын десеңіз қыш құмырадағы бақыт ағаш гүлін не болмаса каланхоэ атты ашық түсті гүлді ұстаздарға бере аласыз.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login