Балқаш қаласының бюджеті 500 млн. теңгеге көбейді. Салықтан түскен түсімдер, жер сауда-саттығы мен жекешелендіру аясында жергілікті қазына қоры 10 млрд. 134 млн. теңгеге жетті. Ал қосымша түскен ақшалардың тең жартысынан көбі «Су Жылу Транс» мекемесіне бөлінді. Бұл қаражатқа коммуналшылар жылу маусымына дайындық жұмыстарын іске асырады. Қазіргі күні шаһардағы барлық үйлер аязды күнге дайын. Көмірді Жылу электр станциясына жеткізу мақсатында келісім-шарт жасалды. Былтырғыдай көмір жетіспеушілігі қайталанбас үшін қыстық отын бірден үш айға әкелінбек. Ал осындай жұмыстарға және құбырларды тексеріп, жаңартуға 250 млн. теңге «Су Жылу Транстың өзіне бөлінді.Оған қоса,қазынаның 170 млн теңгесіне Қоңыраттағы қазандықты жөндеп, отын сатып алады. Ал қосымшадан қалған 80 млн.теңгеге Қоңырат мөлтек ауданындағы 48 пәтерлі екі үй қалыпқа келтіріледі. Ветеринарлық станция жаңа аппараттармен жабдықталады. Жол ереже белгілері орнатылады.
Зәуре Шлыкова – Экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі
«Бюджеттен 420 млн. теңге субсидиялауға жұмсалды. Ол қаражат жөндеу жұмыстарына, отын, жанармай, су, электрэнергияны сатып алуға берілді. «Су Жылу Транс» «Қазақмыс Энерджи» алдындағы бір млрд.-тан астам қарыздарын өздері өтейді».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login