Қазақстанда жедел-жәрдем cозылмалы дертке шалдыққандардың шақыртуына енді бармайды деп шешілді.
66 жастағы Виктор Ли қайтадан оқушының кейпіне енгендей. Жедел- жәрдем бөлімінің меңгерушісі жаңа бағдарламаның тілін меңгеріп, жедел медициналық қызметті қадағалауда. Себебі, бұдан былайGPS арқылы әрбір көліктің шақыртуға қанша уақытта барғаны, науқастың шағым-өтініші компьютерге тіркеледі. Оны облыс қадағалап отырады.
Виктор Ли – Медициналық жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі
«Бұрын біз орталық емханаға қарасақ, енді облыстық жедел жәрдем станциясына қараймыз. Бұрын жедел қызмет бригадасында бір фельдшер бір санитар әйел жұмысқа шығатын. Енді санитарлар қысқартылып, тек екі фельдшер болады».
Жедел-жәрдем қызметінің шақыртуға жету уақыты бірнеше санатқа бөлінді. Бұдан былай медициналық көмек естен танып, тыныс пен жүрегі тоқтап, сіңірі тартылып, кеудедегі ауруы асқынып, жануарлар тістеп, денесі жарақаттанған, психологиялық дертке ұшырғандарға 10 минутта жетуі тиіс. Ал басы айналып, уланған, жүрек соғысы әлсіреген және дене қызуы 38 градустан асқан 3 жасқа дейінгі науқастарды 15 минуттан кешікпей емдеу қажет. Егер жарақат қансыз болса, іш ауырып, температура көтерілсе, өмір сүруге деген қорқыныш аз болса жәрдемге 30 минут уақыт беріледі.
Виктор Ли – Медициналық жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі
«Санаққа сәйкес біз күніне 75 шақыртуға баруымыз керек. Бірақ неше түрлі өтініш болғандықтан күніне 120 науқасты емдейміз. Тұрғындар тымау, жөтел, бронхиттерге шақырта береді.Сол үшін басқасына үлгермей жатамыз. Сондықтан осындай категорияларды емхана бөлімшелеріне аудармақпыз».
Осылайша басы ауырып, балтыры сыздап ,созылмалы дертке шалдыққандарға емхана бөлімшелері қызмет көрсетпек. Әрбір бөлімде 24 сағат бойы жәдел бөлім жұмыс істейтін болады. Олар осындай науқастарға 60 минуттың ішінде жетіп, қазан айынан бастап ем-дом жүргізбек.
Жедел медициналық көмек көрсететін санатттар тізімі:
|
Санат атауы |
Ауру белгілері | Жету уақыты |
| 1 | естен танып, тыныс пен жүрегі тоқтап, сіңірі тартылып,кеудедегі ауруы асқынып, жануарлар тістеп, денесі жарақаттанған, психологиялық дертке ұшырғандар | 10 минут |
| 2 | басы айналу, улану, жүрек соғысы әлсіреуі, дене қызуы 38 градустан асқан 3 жасқа дейінгі балалар
|
15 минут |
| 3 | Қансыз жарақат,
іш ауруы, жоғарғы температура
|
30 минут |
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login