Балқаш қаласының құрметті тұрғындар қатары көбейді. Жергілікті депутаттар 15 үміткердің ішінен үш азаматты таңдап, құрметті атағын ұсынды. Тізімде білім саласына еңбегі сіңген Тукбаева Людмила Мурзахметовна бар. Қалалақ мәслихаттың депутаттар фракциясының жетекшісі, білім беру саласының үздігі, «Ыбырай Алтынсарин» төс белгісінің иегері. Еңбек жолын математика пәнінің мұғалімінен бастаған тұлға мектеп директоры, қалалық білім бөлімінің жетекшісі болып қызмет атқарды. 36 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. Балқаш қаласы әкімі орынбасары міндетін атқарды. Сонымен қатар,құрметті дәреже Соболев Борис Ивановичке бұйырды. Шаһардың құрдасы Қазақстанның құрметті энергетик маманы. 50 жылдан артық мыс балқыту цехінде жұмыс істеген. Еңбегін металл жонушыдан бастаған. Ал үшінші атақ Әбеуев Өміркелді Мұхтарұлына берілді. ҚР суретшілер Одағының мүшесі, халықаралық, республикалық және облыстық көрмелерге қатысушы. Өнер иесінің шығармашылығы сурет салып, сүйек пен ағашқа ою-өрнек салу, шым-ши дайындаумен ерекшеленеді.


Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login