Балқаш көлінде із-түссіз кеткен балықшылардың денелері табылды

Балқаш көлінде із- түссіз кеткен балықшылардың денелері табылды. Екі тұрғынның мүрделері араға 7 күн салып судан шығарылды. Оларды құтқарушылар көлдің оңтүстік жағалауындағы көлдің бетінен тапты. Естеріңізде болса, 60 және 31 жастағы екі балықшы 19 тамыз күні маторлы қайықпен көлге шыққан болатын. «Ақ тас» аймағынан балық аулап, кешке қайту керек еді. Бірақ, хабар-ошарсыз кеткен балықшылар тек бір аптадан соң табылды. Егде кісінің денесі сенбі күні, екіншісінікі кеше судан шығарылды. Қайықтары ауыр жүкті көтере алмай ауыдарылған деседі.

Дархан Қуанбаев- ТЖБ судан құтқару бөлімшесінің басшысы
«1/59 Іздестіру жұмыстарына 500 шақырым жер іздестірілді. 8-9 адамдай құтқарушылар жұмылдырылды. 2 техника жұмылдырылып, іздестіру жұмыстары аяқталды». 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture