Балқашта 60- тан аса мұғалім жетіспейді

Балқашта мұғалімдер тапшы. Өңірдегі 18 тәрбие ошағында балаларға бағыт-бағдар беретін 60–тан аса маман иелері жетіспейді. Мұндай санақ қалалық еңбек жәрмеңкесінде белгілі болды. 300- ге жуық бос жұмыс орындарының тең жартысы мұғалімдер. Оның ішінде математика пәнінің ұстазы 4 мектепке қажет. Сондай-ақ химия, физика, ағылшын тілі, тарих, биология, көркемдік жетекші, психолог мамандары да жетіспей жатыр. Оған қоса, арнаулы мектептерде домбыра, қобыз, скрипка секілді аспаптардың тілін меңгерген жандар керек. Аула сыпырушы, дәнекерлеуші, күзетшілерге де жұмыс бар.

Айта кетейік, екі сағаттың ішінде 23 тұрғын тұрақты қызметке орналасты.

 Назгүл Оқубаева-Жұмыспен қамту орталығының маманы
«Бүгін 300-ге жуық жұмыс орындары ұсынылды. Көбінесе жұмыс орындарын ұсынған мекемелер білім орындарынан болды. Қаламызда көбінесе әртүрлі пән мұғалімдері жетіспейді. Сондықтан мұғалімдерді жұмысқа орналасуға шақырамыз». 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture