Балқашта құрбандық малын сататын және шалатын орындар анықталды. Биыл балқаштықтар қасиетті Құрбан айт мейрамында құрбандық малын 32 орамдағы мал базарында (Сванкулов, 10) немесе Степной 1-де (бұрынғы ет комбинаты) соя алады. Үйдің маңайында және мешіт ауласында құрбандық шалуға тиым салынған. Рұқсат етілмеген жерлерде мал сойған үшін 50 АЕК 113 450 теңге айыппұл салынады. Қой мен ешкі малын сою 1200 теңге, ал сиыр малына 3500-4000 теңге алады. Сондай-ақ, құрбандық малы да осы орындарда сатылады.
Еске сала кетейік, биыл қасиетті Құрбан айт мейрамы 1 — қыркүйек күні басталады. Құрбандық шалу туралы толық ақпарат алу үшін сілтемеге басыңыз: Құрбандық қалай шалынады
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login