Балқашта қызмет барысында жол ережесін бұзған жол-патрульдік полиция қызметкері ақшасынан қағылды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған инспектор сот алдында жауап беріп, айыппұл төледі. Шілде айында екі тәртіп сақшысы Шұбартөбекте қызмет атқарады. Шкода көлігімен рейд жұмыстарын жүргізіп, тізгіндегісі қауіпсіздік белдігін тақпайды. Ал оны көрген куәгерлер телефонға түсіріп , ғаламтор желісіне жариялаған. Оның бәрі кейін анықталып, рөлдегі полицей жауапқа тартылды. Қасында отырған әріптесі оған қатысты хаттама толтырды. Бірақ, рөлдегі инспектор кінәсін мойындамады.Дегенменде, елден заңды талап етіп оны өзі орындамаған полицейге 11 мың теңге айыппұл салынды.
Нұргүл Берлікешева – Балқаш қ.мамандандырылған әкімшілік сотының төрайым м.а
«Полиция қызметкері әкімшілік жауапқа тартылды. Ол кінәлі деп, 5 айлық есептік көрсеткішке сәйкес, яғни 11 345 теңге айыппұл салынды. Қазіргі күні заң өз күшіне енген жоқ».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login