Балқаштық сот құжаттарда қателік кеткен 30-дан аса адамның ісін қарады

Бір қате талай жұмысқа қолбайлау. Жыл басынан бері қалалық сот құжаттарда қателік кеткен 30-дан аса адамның ісін қарады. Бірінде есім дұрыс жазылмаса, екіншісінде тек бір ғана әріп үшін тұрғындар ісқағаздарын ауыстыруға тура келген.

Сондай жандардың бірі Назым Сағындықова. Тұрғын зейнетке келген шағында құжат арқалап, мекемелерді аралап жүр. Себебі, еңбек кітапшасында кеткен қателік зейнетақыдан қол үздіруі мүмкін. Тегінде «и» әріпінің орнына «ы» жазылып кеткендіктен тиісті құжаттарын рәсімдей алмай жүр.

Адамның аты- жөніндегі қателіктер сирек кездесетін жайт емес. Биылдың өзінде 30 балқаштық тұрғын сотқа жүгініп, құжаттарын түзетіп беруге өтініш жазған. Көбісінің қателігі бір ғана әріпте туындаса, кейбірі үтір, нүкте үшінде табыстарынан қағылып жатады.

Нұргүл Берлікешева – Балқаш қ.мамандандырылған әкімшілік сотының төрайым м.а
«Егер диплом мен еңбек кітапшасында қателіктер кетіп жатса, онда ол адамдар сол құжатты берген мекемелерге жүгініп, өзгертуін талап етулері керек. Олар бас тартқан жағдайда сотқа жүгіне алады.Бірақ, біз жеке куәліктегі, Ахаж құжаттарындағы өзгерістерді қарастырмаймыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture