Балқаш жаңалықтары 23 тамыз 2017

Шашубай кентіне барар жолда мотоцикл мен жигули соқтығысып, жол көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан екі жүргізушіде зардап шекті.

«Иегова куәгерлері» діни ұйымының жетекшісіне 100 мың теңге айыппұл салынды. Себебі, кәмелеттік жасқа толмаған бала әкесінің рұқсатынсыз құдайға құлшылық жасаған.

Жемқорлыққа барған полиция қызметкері сот алдында жауап берді.30 мың теңге алған жол-патрульдік полициясы рота бөлімінің командиріне 2 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды.

Қарағандыда смс-хат арқылы танысын балағаттаған әйел жазаланды. Ол ар-намысқа тиетін сөздерді жазғаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды.

Балқаштың 80 жылдық мерейтойына орай шаһар жаңа ескерткішпен толықты. Ғашықтар символын суреттейтін жәдігерді демеушілер Қарағанды қаласында жасатып әкелді.

Қалада еттің бағасы арзандады. Бұрын қой етінің бір келісі 1200 теңгеден болса ,қазір 100 теңгеге төмендеді.

Балқаштық «Көмек» кризистік орталығы облыста үздік атанды. Әлеуметтік жобалар арасындағы байқауда бірінші орын алған жерлестеріміз, енді республикалық деңгейде додаға түспек.

Қазақстандықтардың күн сайын несиеге қызығушылықтары артып келеді. Еліміздің тұрғындары көбінесе теледидар, ұялы телефон, таңазытқыш секілді тұрмыстық жағдайға қажетті заттарды несие арқылы сатып алуда.

Қаламыздағы спорт мектептерінде қабылдау басталды. Жаңа оқу жылынан бастап оқушылар дене шынықтыру және сауықтыру кешені мен балалар және спорт мектебінде, Мысшылар стадионында тегін спортпен шұғылдана алады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture