Балқаштық «Көмек» кризистік орталығы облыста үздік атанды

Балқаштық «Көмек» кризистік орталығы облыста үздік атанды. Әлеуметтік жобалар арасындағы байқауда бірінші орын алған жерлестеріміз, енді республикалық деңгейде додаға түспек. «Көмек» кризистік орталығы қыз-келіншектерге көмектесу мақсатында 2009 жылы ашылды. Оған қаламызда тағдыр тауқыметін тартып, өмірде түрлі қиыншылыққа ұшыраған әйелдер келеді. Оларға уақытша баспана ұсынылып, әлеуметтік, психологиялық және заңды тұрғыдан тегін кеңес беріледі. Жалпы, 8 жылдың ішінде орталыққа 2 мыңнан аса қыз-келіншектер жүгінген.

Айжан Тұсанбекова – «Көмек» кризистік орталығының директоры
«Көмек кризистік орталығы күн сайын, үзіліссіз жұмыс істейді. Қыз-келіншектер 10 күн бізде тұра алады. Егер сол күндері құжаттарын рәсімдеп, мәсеселелері шешілмесе бір айға дейін қоныстауға рұқсат береміз. Барлығы үшін көмектесеміз».

Осындай еңбектердің нәтиже «Көмек» орталығы Қарағанды облысы бойынша үздік атанып, республикалық кезеңге жолдама алды. Қазіргі күні балқаштықтар еліміз бойынша 20 үздік орталықтың қатарында. Ал оның арасынан ең мықтысы дауыс беру арқылы шешіледі. Сондықтан жерлестерімізді қолдау үшін еңбек министрлігінің сайтына кірсеңіздер болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture