«Иегова куәгерлері» діни ұйымының жетекшісіне 100 мың теңге айыппұл салынды. Себебі, кәмелеттік жасқа толмаған бала әкесінің рұқсатынсыз құдайға құлшылық жасаған. Сондықтан, 56 жастағы діни бірлестік басшысы сот алдында жауап берді.
Мұндай заңға қайшылық әрекет тексеріс барысында анықталды. 12 жастағы қыз бала аталмыш діни ұйымға анасымен келіп, құлшылық жасап жүрген. Оны мамандар тексеріс барысында анықтады. Белгілі болғандай, баланың ата-анасы ажырасып кеткен. Әкесі жеке тұрғанымен қызының «Иегова куәгерлері» діни ұйымына баруға рұқсат бермей, қарсы болған көрінеді.
Дей тұрғанмен, «білмедім» деп ақталу заңнан бас тарту емес. Өйткені, ереже бойынша кез-келген діни орталықта балалар ата-ана рұқсатынсыз жүрулеріне болмайды. Міндетті түрде жазбаша немесе ауызша түрде кәугерлердің қатысуымен әке мен ананың рұқсаттамасы болуы тиіс. Бірақ, осындай талап орындалмағандықтан «Иегова куәгерлері» ұйымы басшысына 100 мың теңге айыппұл салынды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login