Қарағандыда смс-хат арқылы танысын балағаттаған әйел жазаланды. Ол ар-намысқа тиетін сөздерді жазғаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды. Өз басына жазылған балағат сөздерді оқыған Осакаров ауданының тұрғыны сотқа арызданған. Жала жабылды деген айыппен сотталушыдан 100 мың теңге моральдік шығынды талап етті. Ал судья азаматтық арызды жартылай қанағаттандырып, айыпталушыны қоғамдық жұмысқа тартты. Енді елді кемсіткен келіншек 60 сағат жұмыс істеп, 15 мың теңге айыппұл төлейтін болады. Санаққа сүйенсек, мұндай әдепсіз қылықтар күн санап көбейіп келеді. Қалада 8 айдың ішінде 80 факті тіркелді. Ол үшін бірі қоғамдық жұмысқа тартылса, бірі 200 мың теңге айыппұл төледі.
Нұрлан Кәрім- Жергілікті полиция қызметінің басшысы
« Жоғарыда аталған бап бойынша азаматтар әлеуметтік желі мен БАҚ құралдарын пайдаланып 200АЙК айыппұл салынады.Немесе 180 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылатын болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login