Жолдағы келеңсіздік! Шашубай кентіне барар жолда мотоцикл мен жигули соқтығысып, жол көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан екі жүргізуші де зардап шекті. Рекдакциямызға куәгерлердің бірі оқиға орнынан видео жіберді.
Куәгерлердің айтуынша жол көлік оқиғасы кеше кешкі сағат 7-де болған. Шашубай кентіне барар жолдағы бұрылыста екі көлік соқтығысып, екі жаққа ұшып кеткен. Алайда істің нақты мән –жайы белгісіз. Бір анығы, екі көлік иесі де аурухана бөлімшесінде. Травматологияда жатыр.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login