Балқаш жаңалықтары 22 тамыз 2017

51 жастағы Рембаза кентінің тұрғыны өзінің досын ішімдіктің салдарынан өлтіріп қойды. Қанды оқиға түнгі сағат екіде саяжайда орын алды.

Кафеге оқ жаудырған жігіт жазаланды. Ішімдікке тойып алып қонақтарды қорқытпақ болған тұрғынның бас бостандығына 4 жыл шектеу қойылды.

Қаладағы құрылыстар әлі аяқталмаған.Айнала күл-қоқысқа толып, жарықтар іске қосылмаған. Бүгін таңғы сағат7-де шаһарды жаяу аралап шыққан әкім осындай нәтиже шығарып, дереу тиісті мамандардың басын қосты.

Қара жолмен пайда таппақ болғандар құрықталды. 5 құдық қақпағын ұрлаған екі жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Күздің алғашқы айында балқаштықтар ыстық сусыз қалмақ. Қыркүйек айының 11-нен бастап қала бойынша ыстық су тоқтатылады.

Жаз мезгілінде көше кезіп жүрген жасөспірімдердің саны көбейді.Маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін 45 балаға қатысты хаттама толтырылды.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық сақтандыруға қарамастан тегін көмек көрсетілетін аурулар тізімін жариялады.

Биыл Балқашта кеншілер мерекесі әдеттегіндей ауқымды түрде тойланбайтын болды. Тек қана Қоңырат пен Саяқ кентінің тұрғындары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture