Балқашта түнгі уақытта көше кезіп жүрген жасөспірімдердің саны көбейді. Маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін 45 балаға қатысты хаттама толтырылды. Олардың көбісі көл жағалауында, саябақтар мен тәуелсіздік алаңында түні бойы қыдырып жүрген. Ал полиция назарына іліккендердің 35-іне тек ескерту айтылса, қалған 10 бала екінші рет ұсталғандықтан ақша төледі. Әрбір баланың ата-анасына 34 мың теңгеден айыппұл салынды. Айта кетейік, кәмелеттік жасқа толмаған балғындар сағат түңгі 11-ден кейін өз беттерімен көше кезіп жүрулеріне болмайды.
Ержан Разиев- Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары
«Түңгі уақытта өзінің жүру себептерін уйге қайтып бара жатқандарымен түсіндіріп жатады.0926 ОСы жылғы бұзақылық 20 пайызға өсіп отыр.Сол себепті ювеналды полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс атқаратын болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login