Кафеге оқ жаудырған жігіт жазаланды. Ішімдікке тойып алып қонақтарды қорқытпақ болған тұрғынның бас бостандығына 4 жыл шектеу қойылды. Осындай үкімді жергілікті сот жария етті. Оқиға сәуір айында тіркелді. 31 жастағы жігіт кешкілікте Сәбитова мөлтек ауданындағы кафеде демалып отырады. Арада біраз уақыт өткен соң сотталушы қонақтардың бірімен сөзге келіспей қалады. Олардан өшін алу үшін көліктен қаруын алып шығып, кафеге оқ атады. Бірақ терезеге тиген оқтан ешкім зардап шекпеді. Ал күдікті келесі күні қаруын тәртіп сақшыларға тауып алдым деп өткізіп, жасаған ісін мойындады. Нәтижесінде, сотталушы жүріп-тұруына 4 жыл шектеу алды.
Аян Абдуллин- қалалық прокуратураның аға прокуроры
«Атыс қаруы арқылы бұзақылық жасағаны үшін оған соттың үкімімен 4 жыл бас бостандығына шектеу жазасы тағайындалды.0256 Сот отырысында аталған сотталушы өз кінәсін толықтай мойындады.Жәбірленуші тарапынан ешқандайда бір талап , тілек қоймағандықтан сотпен шектеу жазасы /болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login