Балқашта ыстық су болмайды

Балқаштықтар ыстық сусыз қалады. Қыркүйек айының 11-нен бастап қала бойынша ыстық су тоқтатылады. 20 күн бойы жылу жүйесіндегі ақаулар қалыпқа келтіріліп, жөндеу жұмыстары іске асады. Ол үшін жылу электр станциясының 40 маманы жұмылдырылмақ. Ал 1 қазаннан бастап тұрғындарға ыстық сумен бірге жылу таратылады. Айта кетейік, биыл үйлерге жылу ерте берілетін болады.

Владимир Кухарь – Қалалық жылу электр станция директорының орынбасары
«Қалаға ыстық суды тарататын қазандықтар мен құбырлардың жарамдылығын тексеру үшін суды толық тоқтату керек. Онсыз 400 дей түрлі құрылғылар мен насостарды сыннан өткізе алмаймыз. Сондықтан қыркүйек айының 10-нан 11-не қараған түні ыстық суды тоқтатамыз». 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture