Қала мектептерінде күзет қызметі пайда болды

1 наурыздан бастап мектеп тыныштығына арнайы күзетшілер жауапты. Мамандар кіре берісте отыратын вахташылардың орнын ауыстырды. Бүгін қала мектептерінің барлығында осындай өзгеріс. Білім ордасында тәртіп орнаған. Ата-аналар бұрыңғыдай балаларымен ішке өтпей, кіре берісте қалулары керек. Кіріп-шыққандардың барлығы арнайы журналға жазылып отырады. Күзетшілер алғашқы жұмыс күні осындай қағида орнатқан. Жақында оларға рация мен резеңкелі таяқ беріледі. Ал, қаладағы 18 мектепті күзет қызметімен қамтамасыз етуге қалалық бюджеттен 38 млн теңге бөлінген. Жергілікті билік енді әр оқу ордасына дабыл қоңырауын орнатып, қауіпсіздікті одан әрі күшейтпек.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture