Ұлы жүз, руы – Бектеміс, қимас досымыз Бекпатшаев Қожа-Ахмет Қайратұлының өмірден озғанына тамыздың 21-і күні 5 жыл болды.
Өмір жалған өтпелі екен қас-қағым,
Жанға жара салатұғын, басқа мұң.
Сағынышпен еске аламыз өзіңді,
Жастайыңнан бірге жүрген достарың.
Бақ жұлдызың ерте сөнді көгіңде,
Қимайтұғын досымыз ең өлімге.
Жатқан жерің жайлы болып, торқалы,
Орның болсын пейіштің қақ төрінде!
Ойнақтап бірге өсіп-ек,
Армандап зор болашақ…
Кеттің сен ерте ортадан,
Қымбатты біздің досымыз…
Сағынып еске аламыз,
Балауса сол бір жастық шақ.
Пәк бейнең қалды көңілде,
Сапарға кеттің оралмас.
Сағынумен 5 жыл болды өткелі,
Жан досымыз есімізден еш кетпеді.
Өзегімізді өртейді бір өкініш,
Жан досымыздың аз-ақ ғұмыр кешкені.
Алланың мініп пырағын,
Жұмақта болсын тұрағың.
Нұрланып тұрсын шырағың,
Пейіште болсын жұмағың!
Еске алушылар: достары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login