Еске алу Бекпатшаев Қожа-Ахмет Қайратұлы

Аяулы ұл, қимас бауыр, ардақты ағамыз – Ұлы жүз, руы – Бектеміс, Бекпатшаев Қожа-Ахмет Қайратұлының өмірден озғанына тамыздың 21-і күні 5 жыл.

Көре алмай тіршіліктің көп қызығын,

Тата алмай шаттық өмір тәттілігін.

Жарқырап келе жатқан жұлдызым ең,

Әттең-ай! Ерте сөнді-ау от-ғұмырың.

 

Айналайын құлыным,

Желкілдеген тұлымың.

«Мама» деген даусыңды,

Сағындым ғой құлыным!

 

Мұнша неге мезгілсіз,

Қысқа сенің ғұмырың?

Жиырма-ақ жасқа келгенде,

Үзілдің-ау құлыным!

 

Сағыныштан жүрек тулап алқынды,

Жылағаннан көз жасымыз сарқылды.

Жол апаты болған сонау тамызда,

Мәңгілікке жоғалтты, ана, алтынды.

 

Ақкөңіл-ең әркезде жарқылдаған,

Туысқа да, досқа да аңқылдаған.

Бәрімізді қалдырып қайда кеттің,

Жылап қалды ағайын, артыңда анаң.

 

Бақыт дейді, бақыт бар ма жалғанда,

Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға.

Өзімізді санаушы едік бақытты,

Қожа-Ахметім ортамызда болғанда.

 

АЛЛА алды, өзі сыйға берген жанын,

Тілейміз біз жұмақтан орын болғанын.

Туыс, бауыр, достарынан сұраймыз,

Дұға оқып, естеріне алғанын!

 

Бес жыл өтті, бейнеңді ботам, сағындық,

АЛЛАдан сұрап қайырын, жақсылығына жалындық.

Алдың пейіш, артың нұр, шапағатың тисін деп,

Дұға қылып өзіңе, тағдырға біз де бағындық.

 

Сағына еске алушылар: анасы – Жұмагүл, әпке-жездесі, қарындасы-күйеу баласы.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture