Балқашта үш күн бұрын көлге шыққан екі тұрғын әлі табылмады. Көлдің 1300 текше метрін аралап шыққан құтқарушылардың жұмыстары нәтиже бермеді. 31 және 58 жастағы екі тұрғын балыққа сенбі күні таңертең шыққан. «Ақ тас» аймағынан маторлы қайықпен нәпақа таппақ болған. Кешке ораламақшы болған балықшылар қайтып келмеген. Оған алаңдаған туыстары тиісті мамандарға хабарласқан. Алайда, іздеу жұмыстарына дереу кіріскен құтқарушылар оларды әлі таба алмай отыр.
Дархан Қуанбаев-ТЖБ судан құтқару бөлімше басшысы
«Балықшыларды іздестіру жұмыстарына Орен катері, 3 құтқарушы жұмылдырылды. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жалғастырылуда. Оңтүстік жағалаудың аралдары және бұғаздар қаралып жатыр. Іздестіру жұмыстары нәтиже берген жоқ».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login